bannerbannerbanner
logo
Войти

Книги автора: Серік Асылбекұлы

Добавлено
Год выхода: 1997
Язык: Русский
1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік …
1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды. Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді. Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі. 1998 жылы Тараз қаласында өткен театр фестивалінде Гран-приге ие болған бұл драма бойынша қойылған спектакльдер қазіргі күндері Қазақстан театрларының сахналарында қойылуда. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге</span> шрифт.
Добавлено
Год выхода: 2012
Язык: Русский
Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қ…
Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер озып, ал бұрынғыша өздерінің тек адал еңбектері мен бұрынғы социалистік мәдениетке сүйенгендер жаңа социумның аутсайдерлеріне айналады. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
Добавлено
Год выхода: 2004
Язык: Русский
Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғ…
Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде біздің бәріміз мына күнаhар тіршіліктен табиғатта мүлде жоқ нәрсені, ешқашан қолға түспейтін құр сағымды қуалап босқа арамтер болып жүрміз бе? Міне, «Күзгі романстың» кейіпкерлері осы жұмбақтың шешімін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрады. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
Добавлено
Год выхода: 2020
Язык: Русский
Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағ…
Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып сайрау пьесасында осындай ауылдардың біріндегі қарапайым фермердің жаңа экономикалық тәртіппен, жаңа биліктің номенклатура өкілдерімен жағыз өзінің бетпе-бет күресі суреттеледі. Бұдан не шыққанын біз аталған шығарманы оқып біткеннен соң білеміз. Бұл драма 2017 жылы Астанада өткен Рух халықаралық әдеби конкурсының Гран-приіне ие болған-ды. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
Добавлено
Год выхода: 1998
Язык: Русский
Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдерді…
Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны сондай, ол жас ұрпақты тәрбиелеуде күні бүгінге дейін өз үстемдігін жоя қойған жоқ. Пьесада махаббат деп аталатын тылсым сезіммен алғаш рет ұшырасқан мектеп оқушысы, жасөспірім Рабиғаның үлкендер әлеміне аяқ басқан сәттердегі басынан кешкендері және оны қазіргі тәрбие, білім беру жүйесінің қалай қабыл алғаны бейнеленеді. Сол кезден бері не өзгеріп, не нәрсе бұрынғы қалпында қалды, міне, бұл сұрақтардың жауабын шығармамен танысып шыққаннан кейін өздеріңіз беретін боласыздар, қадірлі оқырман мен көрермен. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.
1
Популярные книги